МКҚК «Ақбота» бөбекжайында «Өзін - өзі тану» декадасының жұмыс жоспары бойынша «Әдептілік – әдемілік» тақырыбында I ересек «Ботақан» тобында тәрбиешілер Шайкенова Күншашар Мукатаевна, Ибраева Саягул Мукановнаның ұйымдастырумен тақырыптық-тәрбиелік іс – шара өткізілді. Тақырыптық-тәрбиелік Іс- шараның мақсаты өскелең ұрпаққа әдептілік туралы мағлұмат беру, әдепті болуға үйрету және балаларды әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт – дәстүрін үйрене отырып жаман әдеттен алыс болуға тәрбиелеу болып табылды. «Ботақан» тобының тәрбиеленушілері іс-шара барысында өздерінің ата-анасына, әпке- ағаларына көмектесетіні жайлы әңгімелеп айтып берді. Тәрбиелік іс-шара барысында балаларға «Жануарлар достығы» атты мултьфильмді тамашалады, мультфильмнің мазмұнын түсініп, қызығушылықпен қарады. Іс – шараға өте қызықты өтті.