Текст
15.02.2022
ІІ ортаңғы «Көбелек» тобында «Таным» саласы бойынша «Сөйлеуді дамыту» бөлімінде «Музыкалық ойыншықтар» атты ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Ұйымдастырылған оқу қызметінде таныс ойыншықтарды сапасы мен белгілері арқылы ажыратуға, ойыншықтар туралы 2-3 сөйлем құрастыруға үйрету жұмыстарын жүргізді. Музыкалық аспаптарды көрсете отырып олармен таныстырды, қолдарына ұстап ойнатып көрсетті. Ұлттық аспаптармен таныстырып, әр аспапты жеке-жеке көрсете отырып, есте сақтау үшін аттарын қайталап айтқызып отырды.