ІІ ортаңғы «Көбелек» тобында «Жаратылыстану» бөлімінде «Қазақстанның жануарлар әлемі» атты ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Оқу қызметінің мақсаты Қазақстан аумағын мекендейтін жабайы жануарлар
туралы түсініктері қалыптастыру, жабайы жануарлардың тіршілігі туралы білімдерін дамыту, оларды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу болып табылды.
Тәрбиеші Жұлдызай Жугериевна балаларға Қазақстанда көптеген жануарлар мекендейтінін,олардың басым көпшілігі орманда ағаштардың ішінде жүретінін айтып өтті. Жануарларды әрдайым қорғау себебін түсіндіріп айтты. Сергіту сәті тақырыпқа сай өткізілді. «Көлеңкесін тап» ойынында балалар берілген суреттердің көлеңкелерін тауып орналастырды. Дидактикалық тапсырмалар 4 К модулі бойынша ұйымдастырылып, ұжымдық қарым-қатынаста жұмыс жасады.
«Үй және дала жануарлары ма?» дидактикалық ойында «Дала жануары» және «Үй жануары» топтарына бөлініп, екі жаққа жануарларды жинап, оқу қызметін қорытындылады. Оқу қызметі көңілді өтті.