«Менің Қазақстаным-менің болашағым»
«Ақбота» бөбекжайында
14.12.2018 күні Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы
аясында «Менің Қазақстаным-менің болашағым» атты Камалиева Асемгуль
Сергалиевнаның ұйымдастыруымен мерекелік концерт өткізілді. Мерекеге ортаңғы
топтардың тәрбиеленушілері және бөбекжай тәрбиешілері, педагогтары қатысты.
Мерекелік іс-шара Мемлекеттік Гимнмен ашылды. «Ботақан» тобының батыр ұлдары «Қазақ
жігіттері», «Қошақан» тобының мың бұралған қыздары «Қазақ» билерімен
көрермендерді өнерлерімен паш етті. Бөбекжай тәрбиешілері мен педагогтары туған
жер туралы үш тілде мәнерлеп өлең шумақтарын оқыды. «Көбелек» тобының
бүлдіршіндері «Туған ел» әнімен қонақтарға көңілді көңіл-күй сыйлады.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында желтоқсан оқиғасыда шет қалмады. Балаларға
қысқаша мәлімет оқылды. «Алақан», «Құлыншақ» топтарының балалары Тәуелсіздік
мерекесіне арналған өлең шумақтарын оқып шықты. Музыка жетекшілері «Астана» әнін шырқап шықты. Осылайша «Менің
Қазақстаным-менің болашағым» атты мерекелік концертіміз барлық қатысушылардың
орындауында «жаса Қазақстан» атты әнімен өз мәресіне жетті. Болашақта өскелең
ұрпақты елжандылыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін,
дінін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу біздің міндетіміз.