Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ІІІ ересек «Еркетай» топтың тәрбиеленушілері «Мақта қыз бен мысық» ертегіні сахналады.
Ертегі желісі бойынша мысық Мақта қызды тыңдамай, қатығын төгеді, сөйтіп құйрығынан айрылады. Мақта қыздың қатығын төлеп құйрығын қайтару үшін, мысық сиырға, ағашқа, қыздарға, сатушыға, тауық пен тышқанға жолығады. Ақыры Мақта қыздың қатығын төлеп, өз құйрығын қайтарып алады.
Балалар өз рөлдерін жақсы сомдап шықты, өздеріне жүктелген тапсырманы бар жауапкершілікпен орындады.
Рөлді сомдағандар:
Мақта қыз – Хаджимуратова Аяжан
Мысық – Абай Алуа
Сиыр – Кокаев Санжар
Ағаш – Колбик Иван
Қыздар – Әсет Хадия, Берик Айсезім
Сатушы – Ілияс Ален
Тауық – Пердехан Нұрислам
Тышқан – Хибрат Радмир