Текст
Уәлиханов көшесіндегі "Ақбота"бобекжайында ақпан айының 16, 17-ші күндер аралығында ""Ертегілер елінде" атты апталықта кіші, ортаңғы ересек, даярлық топтарына педагогтардың ұйымдастыруымен "Алдар Көсе хикаялары" атты ертегіні қойылымын сахналап, ұсынды. Ертегі барысында Алдар Көсе және ұрылар кейіпкерлері қатысты. Ертегіде Алдар Көсе әркез өзінің асқан айлакерлігі арқылы әркез мұратына жетіп отырған болса, осы жолғы ертегіден Алдардың өзін ұрылар алдап, кешірім сұрап өздерінің қателіктерін түсініп, бір - бірімен дос болуға, өтірік айтпауға үйретті. Балалар ертегіні қызыға қарап, мұқият тыңдады. Мақсатқа қол жеткізілді.