Текст
Уәлиханов көшесіндегі "Ақбота" бөбекжайының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Дүйсембай Аружан Бауржанқызының "Ботақан" ортаңғы тобының тәрбиеленушілерімен "Орманда" атты ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Оқу қызметінің басты мақсаты балаларда орманда тіршілік ететін жануарлармен таныстыру, тілдерін дамыту болды. Оқу қызметінде балаларға өмір сүретін жануарлар туралы түсінік берілді. Балаларға "Көзді жұму" ойыны ойнатылып, ойында жануарлар атауын табу мақсат етілді. Сонымен қатар балалар бір—бірден ортаға шығып, өздеріне ұнаған жануарды таңдап, ол туралы түсінік берді. Қорытындылау мақсатында соңында балаларға сұрақ қою арқылы оқу қызметін бекітті.