Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының I ересек «Ботақан» тобының тәрбиеленушілермен күннің екінші жартысында өтетін "Шашу" вариативті компоненті бойынша тақырыбы: «Кесе» оқу қызметі өткізілді. Өткізілген вариативті оқу қызметінің мақсаты бүлдіршіндердің ой-өрісін дамыту, танымын кеңейту арқылы ас үйде қолданылатын заттармен таныстыру болып табылды. балалар ас үйде қолданылатын ас-үй, ыдыс-аяқтармен танысып, соның ішінде "Кесеге" тоқталды. шығармашылық жұмысты атқару кезінде кесені бояу қарындаштармен үлгіге қарап бояды. Балалар "Шашу" вариативті компонентінде берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.