Уәлиханов көшесіндегі "Ақбота" бөбекжайының музыка жетекшісі Жалманбетова Райхан Темирбулатовнаның ұйымдастыруымен I ересек "Ботақан" тобымен "Музыка" ұйымдастырылған оқу қызметінде "Ғажайып өлең" тақырыбында балалармен ерекше сәлемдесу сәтінен үзінді өткізді. Балаларды музыка әлеміне қызықтыру мақсатында сәлемдесу ең алдымен инабаттылыққа, әдептілікке, адамгершілік қасиеті екенін ұғындыру болды. Сәлемдесу арқылы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу болды. Бүгінгі оқу қызметінде балалар әдеттегідей күйсандық аспабының сүйемелдеуімен әуен арқылы емес, дене қимылы арқылы бір-біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай танытты. Үлкенге сәлем беріп, алғысын алу қазақ салт-дәстүрінің ең озық түрі. Сәлемі түзу балаға үлкендер "Көсегең көгерсін, жүз жаса, бақытты бол" деп алғысын жаудырған. Балалардың бір-біріне осындай сәлемдесу жылы мейір мен кең пейіл көрсетуі, жақсы қарым қатынасты, достықты, адалдықты бейнелеуі зор маңызға ие болды. Бұл сәлемдесу балалардың өздеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жарқырап тұрған күн сияқты шуағын аспаннан жаудырды. Ұйымдастырылған оқу қызметі көңілді өтті.