Текст
Уәлиханов көшесіндегі "Ақбота" бөбекжайының тәрбиешісі Накенова Айнур Мухтаровна ұйымдастыруымен "Дидактикалық ойындар» топтамасы бойынша ойындар ойнатты.
Ойын-баланың даму құралы таным көзі, ойын білімділік тәрбиенің мәні болып отыр. Адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуға ықпал етеді, ойынды әрбір адам ойнап өседі. Ойынды көп ойнаған адамның дүние танымы кең жаны таза, жүрегі нәзік, сезімтал тұлға болмақ. Кей бала өз өмірін ойын арқылы бейнелесе, кей бала ішкі сезімін бейнелейді.