Текст
Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайының ІІ ортаңғы «Көбелек» тобы «Жеті лақ пен қасқыр» атты ертегілік қойылымды сахналады. Ертегіні балалар сахналап қойды. Рөльдерге бөлініп шамалары келгенше сомдап шықты. Өте қызығушылықпен қатысты. Мұндай ертегілерді сахналауда балалардың сөйлеу, есте сақтау қабілеті жұмыс жасап, тілдік қоры дамиды. Кейіпкерлердің рөлін сомдауда хайуанаттардың дауыс ырғағын, қимылын салып, соларға тән қасиеттерін ажырата біледі.