Текст
II мектепалды даярлық «Қошақан» тобының балаларының таңғы асқа отырған сәті. Балаларға таңғы астың пайдасы туралы айтылып, оны тауысып ішуге кеңес берілді . Балалар сүттен жасалған асты тауысып , нан мен майды жеп, шайларын ішті. Астарын ішіп болған соң , балалар "Асқа байлық, денге саулық" деп айтып, беттерін сипады. Үстелден әдеппен тұрып , орындықтарын орнына қойды. Балалар сапқа тұрып, қолдарын жуып келіп, ұйымдастырылған оқу қызметін жалғастырып, күнделікті күн тәртібін орындайды.