Текст
Қыс мезгілінде балалар далада ойнауды өте жақсы көреді.
Қысқы серуенде балаларды қалың киіндірмеңіз. Жеңіл де киіндірмеңіз. Киім қимылдауда кедергі келтірмеуі керек, ыңғайлы, жеңіл және жылы болуы тиіс. Қысқы аяқкиім ыңғайлы, табаны тайғанақ болмауы қажет. Бала қолғабын жоғалтпауы үшін оған резеңке тағып қойыңыз.
Балаларға қарды, мұзды кесектерін ауызға алуға болмайтынын түсіндіріңіз: оларда ауру тудыратын микробтар болуы мүмкін.