Текст
"Ерте,ерте,ертеде"- деп, мектепалды даярлық "Құлыншақ " тобының балалары да қазақ халқының "Мақта қыз бен мысық " ертегісін сахналады. Сахналық қойылымның мақсаты: балалардың бойында ертегілер туралы түсініктері кеңейіп, кейіпкерлердің айқын бейнесін көрсете білуге және қойылымдарды сахналауға үйрету және сөйлеу мәдениеті,еркін сөйлеп ,өз ойларын дұрыс жеткізе білу қабілеттерін жетілдіру болып табылды. Балаларға ертегіні сахналау ұнады. Әр бала өз кейіпкерлерінің рөлін қызығушылықпен сомдады.