Текст
22.02.2022
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының тәрбиешісі Бошаева Риза Ермуханбетовнаның ұйымдастыруымен кіші "Күншуақ" тобы тәрбиеленушілері күннің екінші жартысында шығармашылық саласында ермексаздан домалақ пішіндерді мүсіндеді. Мүсіндеу барысында қыс мезгілі туралы әңгіме жүргізілді. Түрлі-түсті ермексаздан алақан саусақтарымен жұмсарту және домалату қимылдарымен қол икемділіктерін дамытады. Әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелейді. Балалар екі алақандарымен ермексазды жұмсартып, домалату керек екенін түсініп, қызығушылықпен орындады.