Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының I ересек «Ботақан»тобында «Қатынас» саласы бойынша «Сөйлеу дамыту» «Менің сүйікті жануарым» (өз тәжірибесінен әңгіме) атты ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Балалар өздерінің сүйікті үй жануарлары туралы, сурет арқылы әңгіме жүргізілді. Оларға қалай күтім жасау керек екенін макет арқылы көрсетілді. Ұйымдастырылған оқу қызметінде дидактикалық ойындар қолданылды. Балалар сурет бойынша өздерінің сүйікті үй жануарларын бояп шықты. Ұйымдастырылған оқу қызметін балалардың үйде жасап келген суреттерімен аяқтадық.