Текст
Күннің екінші жартысында І ортаңғы «Балапан» тобының тәрбиешісі Сипульдина Жазира Кайсаламовнаның жетекшілігімен балалардың бос уақыттарында тыныс алу жаттығуларына байланысты әр түрлі ойындар ойнатылды.
Яғни, бірінші ойында балалар түстер бойынша қағаздарды жинады. Осы жерде балалар түстерді естеріне түсіріп, ажырата білу арқылы есте сақтау мен көру қабілеттері дами түседі және тыныс алулары бір қалыпты болады.
Екінші ойында керісінше, балалар терең тыныс алып оны шығару арқылы жіптегі ілініп тұрған стақанды бір шеттен екінші шетке үрлеп апарды. Бұл жерде тыныс алулары жылдамырақ болады.
Балаларға ойындар өте қызықты болды. Барлығы жақсы қатысты.