Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының тәрбиешісі Темешева Гульнур Асылханқызының жетекшілігімен ересек "Балдырған" тобының тәрбиеленушілерімен "Таным" білім саласының "Математика негіздері" оқу қызметінде "Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта" тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Ұйымдастырылған оқу қызметінде үлгі бойынша санауды және сонша зат шығаруды үйренді. Цифрды заттың санымен сәйкестендіруді, заттың, санның орналасу ретіне қарай сөзбен баяндауға үйреніп, жыл мезгілдері атайды, айыра біледі. Сол жағында, оң жағында кім отырғандарын айта алады. Балалар математика дәптерімен жұмыс жасады.