Текст
Білім беру саласында өскелең ұрпақты дамыған елдердің қатарында көру үшін үздіксіз еңбек етуде кез-келген педагогтың алдына қойған мақсаты – оқу-тәрбие сапасын көтеру үшін балалардың қызығушылықтарын арттырып,танымдық қабілетін дамыту.Бұл мақсатты жүзеге асыру педагогтың шеберлігі мен біліктілігіне байланысты. Егер оқу қызметі тартымды да қызықты болса, балаларға өтілген оқу қызметін игеру де оңай болады. Білім беру саласында балалардың білімді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін,әр түрлі жаңа технологиялар ауадай қажет.Сондай технологиялардың бірі – ойын элементтерін пайдалану. Бөбекжай психологы Ержан Жұлдыз өзінің күнделікті қызметінде ойын элементтерін қолданады. Ортаңғы топтармен "Бірге санайық" танымдық ойынын өткізді.