Текст
Уәлиханов көшесіндегі "Ақбота" бөбекжайында III ересек "Еркетай" тобының бүлдіршіндерімен музыка оқу қызметінде "Музыкалық дүкен" тақырыбында "Көңілді шапалақтар" атты музыкалық сергіту сәті жасалды. Балалардың құлағына естілген жағымды дыбыстар бірден өздерін баурап алды. Музыкалық сергіту сәтінде балалар маракас аспабын әуенмен бірге ырғаққа сәкес ілесіп ойнады. Сергіту сәтінің мақсаты балалардың музыкалық естуін, есте сақтауын және көңіл күйін дамыту болды. Сонымен қатар музыкалық бейне мен қозғалыс тәжірибесін сәйкестендіру жаттығуларын орындау мақсаты қойылды. Балалар сергіту сәтіне белсенді қатысып, өздерінің қызығушылықтарын көңіл-күйлері арқылы білдірді. Музыка арқылы бала бойындағы өнерді қалыптастыру ерекше сипатқа ие