Текст
ІІ ортаңғы «Көбелек» тобында тәрбиеші Каскырбаева Жулдыз Жугериевнаның жетекшілігімен күннің екінші жартысында балалармен ойын өткіздім. Ойын «Жылан» бейнесін жіппен жүргізу деп аталады. Бұл ойын балалардың ұсақ қол моторикасы мен кеңістік дағдыларын жаттықтыруға арналған. Осы ойынды ойнай отырып, ойлау қабілеттерін арттырады, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Жылдамдыққа, ширақ қимылдау, белсенді ,ұқыпты болуға үйретеді. Балаларға ойын қатты ұнады.