Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ортаңғы "Көбелек" тобының балаларымен музыка оқу қызметінде "Музыкалық домбыра" тақырыбында артикуляциялық жаттығулар

25.02.2022

Уәлиханов көшесіндегі "Ақбота " бөбекжайында музыка жетекшісі Шайкенова Асемгуль Сергалиевнаның ұйымдастыруымен ортаңғы "Көбелек" тобының балаларымен музыка оқу қызметінде "Музыкалық домбыра" тақырыбында артикуляциялық жаттығулар өткізілді. Артикуляциялық жаттығулар дегеніміз-ол сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл қозғалыстарын  нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар болып табылады. Сөйлеуді дамыту үшін дұрыс тыныс алу өте маңызды. Тыныс алу дыбыстын айтылуына, артикуляциясына және дауыстың дамуына үлкен әсер етеді. Тыныс алу жаттығулары диафрагмалық тыныс алуды дамытуға көмектеседі. Артикуляциялық жаттығулар тілді сөйлеуді дамыту арқылы әннің сөзін дұрыс және анық айтып шығуға мол әсерін тигізбек, сол себепті музыка оқу қызметінде артикуляциялық тыныс алуға арналған жаттығуларды пайдалану өте тиімді. Балалармен оқу қызметінде
1. Бетімізге жеңіл массаж.
2. Тілдің ұшын ақырын тістеу.
3. Шарларды үрлеу.
4. Көбелектерді ұшыру.
5. Кішкентай доптарды айналдырып бетімізге, қолымызға  массаж  жасау жаттығуларын  орындады. Барлық балалар тапсырманы толық орындап шықты.

Просмотров: 136


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст