Текст
Даярлық "Құлыншақ" тобының балалары күн тәртібі бойынша түстен кейінгі дербес іс- әрекеті уақытында еркін ойын ойнап та , ойлап та уақыттарын өткізеді. "Пазл" ойынын ойнап логикалық қабілеттері артса, "Шаштараз" ойыны арқылы өзара қатынас жасап,сыйластыққа үйренеді. Кейбір балалар шығармашылық талғамдарын жетілдірді. Осылайша бос уақыттарын пайдалы қолдана алады.