ІІ ортаңғы «Көбелек» тобында тәрбиеші Каскырбаева Жулдыз Жугериевнаның жетекшілігімен «Қатынас» саласы бойынша «Сөйлеуді дамыту» бөлімінде «Менің көңілді добым» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты балаларға ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын дұрыс айтуға және балаларға сөзді анық айтуға дұрыс сөйлеуге үйрету болып табылды. Ұйымдастырылған оқу қызметінде билингвальды компонент, сөздік жұмыстары жүргізілді. Ұйымдастырылған оқу қызметінде Жер Ана мен Күн Анамен танысып алды. Доп туралы тақпақты жаттады.
Добым менің домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдіріп.
Тарелкені сындырыдың
Тентек болып кеттің деп,
Тұрмыз сені тепкілеп.
«Көңілді доптар» ойыны ойнатылды.