Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі Ибраева Саягүл Мұқанқызының ұйымдастырумен I ересек «Ботақан» тобында 8-Наурыз мерекесіне орай « Ару көктем» тақырыбында ертеңгілік өткізілді. Мақсатымыз балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз енбегін бағалай білуге баулу болып табылды. Қонаққа «Көктем аруы» келіп, "Гүлзар» ойыны ойнатылды. Көктемнің алғашқы мерекесі кішкентай сұлу қыздарымызға қуаныш пен шаттық сыйлады.