27 желтоқсанда
«Ақбота» бөбекжайына II
кіші «Нұрсәуле», II кіші «Еркетай», II
кіші «Балдырған» топтарында Жаңа жылдық
мереке аталып өтілді. Жаңа жылда жүргізуші мен балалар шыршаның астынан
кішкентай сыйлық тауып алады да, Ақшақар мен Аяз атаны шақырады, бірақ түлкі келеді де бұл менің сыйлығым деп айтып,
осылай таласып тұрғанда Қоян келеді. Ол да сыйлыққа таласады. Содан соң Түлкі
мен Қоянға жүргізуші «Кім жылдам?» ойын ойнатады. Осы ойында Қоян жеңіске
жетеді де, сыйлықты алып кетеді.
«Кішкентай шырша» әні орындалады. Осы
кезде «Аю» мен «доңыз Пеппи» қонаққа келеді.
Балалар доңыз Пеппиді танып қуанып қалды. Пеппи балалармен «Шалшық»
ойынын ойнайды. Балалар шалшыққа секіріп мәз-мейрам болды. Балалар көңілді
«Үйректер» биін биледі. Осыдан соң Жаңа жылдың құрметті қонақтары Аяз ата мен
Ақшақар қонаққа келеді. Балалар Аяз ата мен Ақшақарға «Жаңа жыл» әнін шырқап,
«Буги-вуги» көңілді биін билеп және өз тақпақтарын айтып, Аяз атадан
сыйлықтарын алып, мәз мейрам болып үйлеріне тарасты. Соңында естелікке суретке
түсті.