Текст
Сюжеттік-рөлдік ойындарды ұйымдастырылған оқу қызметінде де, бос уақытта да, өткізілетін ертеңгіліктер мен кештерде дидактикалық, қосымша материал ретінде пайдаланамыз. Демек, ойын арқылы балаларды өмірге ең қажетті қасиеттерге: өжеттілікке, іскерлікке, жауапкершілікке, ептілікке, бір-біріне деген қамқорлыққа тәрбиелеймiз. Өздіктерінен рөлдерді бөле білуге үйретiп, қызығушылықтарын арттырамыз.