Текст
МКҚК "Ақбота" бөбекжайының "Балдырған" тобының тәрбиешілері 8 наурыз мерекесіне арналған " Ару көктем" атты ертеңгілігін ұйымдастырды. Ертеңгіліктің мақсаты балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге баулу болып табылды. Көктемнің алғашқы мерекесі сұлу қыздарымызға қуаныш пен бақыт сыйлады. Балалар ән айтып, би билеп, ойын ойнап, жаттаған тақпақтарын айтып, қыздар ұлдарымыздан сыйлық алып, мәре-сәре болды..