Текст
Уәлиханов көшесіндегі" Ақбота" бөбекжайындағы " Балбөбек" санаторлық тобында тәрбиешілердің ұйымдастыруымен 8-Наурыз мерекесіне арналған " Ару көктем" атты ертеңгілік өтті. Бір себет гүлдерімен қонаққа "Ару көктем" келді. Бүлдіршіндер аналарына, әжелеріне арналған өлең шумақтарын айтып берді. Қыз балалар "Ару қыздар" биін билесе, ер балалар " батырлар" биін билеп өз өнерлерін көрсетті. "Әжем мені жақсы көреді" және " Айналайын мама" әндерін шырқады. Соңында "Анама ботқа пісіремін" ойыны ойналып, бүлдіршіндермен флешмоб биімен аяқтадық. Ұлдар қыздарға арналған сыйлықтарын табыстады. Ертеңгілік балаларға ұнады, жақсы әсер алды.