Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайының ІІІ ересек «Еркетай» тобында «Әлеумет» саласы бойынша «Қоршаған ортамен таныстыру» бөлімінде "Қазақтың ұлттық киімдері" атты ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Балалар ұлттық киім түрлерімен танысты. Олардың өзіндік ерекшеліктерімен таныстыра отырып, қазіргі киім түрлерімен салыстыра үйренді. Сөздік қорлары молайып, ойлау, есте сақтау қабілеттері дамыды. Тәрбиеші балалардан бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінен алған әсерлерін, көңіл күйлерін, не үйренгендерін сұрап, түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсірді.