Текст
Күнделікті өмір жаттығулар аймағы кішкентай балалар үшін ерекше маңызды. КӨЖ аймағында бала өзіне және өз заттарына қарауға көмектесетін материалдар орналасқан. Материалдар бала өзі істейтін ісінің мақсатын айқын түсінген жағдайда таңдап алынады. Бала өзі киінуге (түйме, кнопка, сыдырма, жіпшелер, түйрегіштер, баулар, банттар, ілмектер сияқты заттар салынған рамкаларды пайдалана отырып) үйренеді. Ұқыпты бір нәрсені құюға, төгуге, екінші жерге тасымалдауға өзіне – өзі қызмет етуге үйренеді.
қоршаған ортаны зерттеуде өзінің сезімдерін қолдана отырып, түрлі түсті кестелер, көлемі мен пішінін ажыратуға арналған материалдарды колданамыз.
Баланы өз – өзін тәрбиелеуге, оқытуға дамытуға ынталандырамыз.