Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

14 наурыз - Көрісу мейрамы.

15.03.2022

14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Кішкентай балаларға аналары шағын пакет ұстатып қояды. Бала қай үйге көрісуге кірсе, сол үйдің дастарханынан ауыз тиіп, бауырсақ, тәттілерден пакетіне салып алады. Қазақ қашанда дастарханын айрықша қастерлеген. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз аралас болсын, қарым-қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған. МКҚК "Ақбота" бөбекжайының  "Нұрсәуле" тобының тәрбиешілері Есіркепова Балжан Жұмаділлақызы, Балтабай Айдана Жаңбырбайқызының ұйымдастырумыен "Сағынып жеткен Әз Наурызым" тәрбие  сағатында  "Көрісу күні" өткізді. Балаларға "Көрісу күні" туралы түсінік беріп, бейнероликтерді тамашалады. Тәрбие сағаты қонаққа Әже  балаларға шашуы шашып, батасын берді.  Балалар бір-бірімен көрісіп, мәре-сәре болып, мереке  соңында  ұлттық ойындар ойнады. Балаларға тақырыптық тәрбие  сағаты өте ұнады.

 

Просмотров: 137


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст