І кіші "Күншуақ "тобында Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесінің ең алғаш күндерінің бірі - Жайлау күнін өткіздік. Кең-байтақ атамекенінде еркін өмір сүрген көшпелі бабаларымыз табиғатпен тығыз байланыста болды. Табиғат – ол біздің өміріміздің қайнар көзі. Біз қоршаған ортаны аялау арқылы өмір сүру сапасын жақсарта аламыз.
⠀Айналамызды тазалау, тал егіп, көшет отырғызу бұл жас ұрпақ үшін тәрбие мен тәлімге толы ұлағатты іс. Ал қоршаған орта үшін тазалық қашан да бірінші орында тұрады. «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген қанатты сөздерге қарап-ақ көшет отырғызудың, айналамызды көгалдандырудың қаншалықты маңызды екендігін түсіну қиын емес.Еліміз Қазақстанымыз гүлдене берсін деп бұл күні жастар жиналып гүлдер,ағаштар отырғызады. Біздің де кішкентай тәрбиеленушілеріміз Жайлау күнінде әжеге қонаққа барып, гүл егу жолын үйреніп көмек берді. Қызғалдақтар фестивалін жалғастырып, қағаздан аналарына қызғалдақтар дайындады. Бұл мерекеде балалар "Әженің шайы" әнін айтып,ұлттық ойындар ойнады.