Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шежіре күні

16.03.2022

Шежіре күні. Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Сонымен қатар, жұртшылық мал сойып, өткен-кеткен ата-бабаларына құран бағыштайды. Ағайын-туған, көрші-қолаң таяуда ғана жақынынан айырылған отбасылардың үйіне барып, «марқұмға тие берсін» айтып дастарханынан дәм татады. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді. Елдің, өлкенің тарихы, ерлігі баяндалады. Осы күні "Ақбота" бөбекжайында 

І ортаңғы «Балапан» тобының тәрбиешісі Сипульдина Жазира Кайсаламовнаның жетекшілігімен «Туысым –түп тамырым, қазығым. Жеті ата» атты тәрбие сағаты өткізілді. Балаларға Жеті атаны білу арқылы өздерін тануы, атадан үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие алуы, отбасы құндылығы және тектілік туралы ұғымды ұғыну керектігі түсіндірілді. Өзінің кім екенін, ағайын-тумаларының қайдан шыққанын білу, балаларға шежіре үйрену керектігі туралы айтылып, ата текті құрметтеу, оларды сыйлау керектігі туралы ұғындырылды.

   Балалар тәрбие сағатында берілген сұрақтарға жауап бере отыра, әр бала өздерінің үйден жасап әкелген фотоколлаждағы отбасы мүшелерін атап таныстырды. Балалар өздерінің отбасы мүшелерін жақсы көретіндерін, сыйлайтындарын айтты. Одан кейін балалармен бірге «Асық ату», «Теңге алу» және «Тақия тастамақ» сияқты ұлттық ойындар ойнатылды. Барлық балалар белсене қатысты.   Қорыта айтқанда тәрбие сағаты өз деңгейінде өтті. Балаларға қызықты болды.

Просмотров: 142


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст