ІІ ортаңғы «Көбелек» тобында « Тарихқа тағзым" күніне орай тақырыбында тақырыптық тәрбиелік сағаты өтті.
Тәрбиелік сағатының мақсаты мeктeпке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың caнacынa ұлттық құндылықтapды ciңipу, оларды ұлттық pухпeн тәpбиeлеу, сонымен қатар төл тарихын білуіне, eлiнe, жеріне дeгeн cүйicпeншiлікті apттыру болып табылды. "Тарихқа тағзым" күні балаларға өткен ғасырдың бас кезінде тәуелсіздікке ұмтылған халық рухының өміршең идеяларын насихаттауға үлес қосып, азаттықтың ақ таңын аңсап, осы жолда құрбан болған және патриоттықтың жоғары деңгейлі озық үлгісін паш еткен Алаш арыстарының есімін ұлықтау мақсатында таныстырып, слайд арқылы көрсетіп, балаларға таныстыру жұмыстары өткізілді. Тарихқа үңіле отырып, балаларға ұлы тұлғалар туралы айту,түсіндіруіміз қажет. Еліміздің бастан кешкен, тәуелсіздікке қандай жолдармен жеткендері туралы түсінік берілді. Ұлттық "Тақия тастамақ", "Теңге алу", "Асық" ойындары ойналды, балалар қызығушылықпен ойнап шықты.