Текст
Даярлықтар арасында "Әріптер әлеміне саяхат " тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі викторина түрінде өткізілді. Балалар өткен әріптерді қайталап, дауысты,дауыссыз дыбыстар екендігін анықтап атай алды. Берілген суреттерді атап балғамен соғу арқылы буынға бөлді. Роботышқанға команда беріп, сөздердегі әріптердің орналасу ретін тапты. "Шатасқан әріптер" ойынын ойнап,сөздер құрастырды. Барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындап шықты