Бүгін ортаңғы топтың тәрбиешілері тәрбиеленушілермен экологияға байланысты «Экология-табиғаттың соғып тұрған жүрегі» атты тәрбие сағатын өткізді. Бұл жерде балалар қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы әңгіме жүргізілді. Табиғатта болатын құбылыстарды танып, терең, сезіне білді. Балаларға табиғаттың төрт құдіретінің ерекшелігі туралы және қоршаған ортаны қадірлей білуге, қамқорлық жасай білу керектігі туралы айтылды.
Тәрбие сағатын «Бізді қоршаған ортаға саяхат» ретінде өткізді. Яғни бұл жерде «Ауа» аялдамасы, «Су» аялдамасы, «Орман» аялдамасы және «Құстар»аялдамасы болды. Балалар әр аялдамаға келгенде әңгіме жүргізіліп, мағлұмат беріліп, тәжірибелер мен ойындар ойнатылды. Балаларға өте қатты ұнады, өз ойларымен бөлісе алды. Барлық ойындарға белсене қатысты.