Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Шымырлық пен шеберлік» күні

19.03.2022

Бұл күні қазақтың ұлттың ойындары өте көп ойналады. Арқан тартыс, кір тасын көтеру, қазақ күресі, аударыспақ, көкпар осының барлығы да жыл сайын Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырылады.

Ләңгі тебу, асық ойнау әсіресе балалар арасында жиі өтеді. Асық ойнау көзге тым қарапайым көрінгенімен бала денсаулығына өте пайдалы. Асық – қойдың асықты жілігінен алынатын сүйек. Баланы ептілікке, шапшаңдыққа, алдына қойған мақсатына жетуге тәрбиелейді.  МКҚК «Ақбота » бөбекжайында «Ботақан» тобында   тәрбиеші Ибраева  Саягүл  Мұқанқызының   ұйымдастырумен   Наурыз  мерекесіне  орай   «Шымырлық   пен  шеберлік»   күніне   тәрбие  сағаты  өткізілді. «Шебер  қолдар»  студиясына  ұлттық нақышта  қолдан   жасалған  заттардан көрме  ұйымдастырылып,  «Ботақан»  тобының  тәрбиеленуші  қыздары  қайшыны  қолдана отырып  «қошқар  мүйіз» деп  аталатын  оюды қағаздан  қию өнерімен, оюдан  көрпе  көктеді,  ұлдар  жағы   «түйе табан» ою түрлерін  қарындаштармен  бояу арқылы, өз  шеберліктің  көрсете білді. Шымырлы  бола отырып,  ұлттық  ойындарға   «Тақия  тастамақ», «Теңге  ілу»  ойындарына  қызығушылықпен  қатысты. Тек наурыз мейрамында ғана емес кез келген азамат кемінде ұлттық ойынның бір түрімен тұрақты түрде шұғылдануы керек. Ұлттық ойын ұлттық иммунитетіміздің нығаюының кепіл бола алады. «Шынықсаң шымыр боларсың» дейді дана халқымыз. Наурыз айында Ұлттық спортты қолдайық!

 

Просмотров: 152


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст