"Ақбота " бөбекжайында ересек «Ботақан», «Балдырған » «Еркетай» топтары бірлестігінің тәрбиешілері Ибраева С.М, Батталова А.Ж, Темешова Г.А ,Накенова А.М, Уразбекова Г.А-ның ұйымдастырумен «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» атты мерекелік іс-шараны өткізілді. Мерекелік іс-шарада кіші топ бірлестігі "Біржан сал" ауылы, "ортаңғы топ бірлестігі "Сәкен Сейфуллин" ауылы, даярлық тобы бірлестігі "Шоқан Уәлиханов" ауылы, педагогтарымыз "Ақан сері" ауылы болып бөлініп, өзара сайыс түрінде өткізілді. Сайыста ауылдарымызға осы өңірдің кемеңгер, тұлғаларымыздың «Ақан сері» ауылы, «Біржан сал» ауылы, «Шоқан Уалиханов» ауылы, «Сәкен Сейфулин» ауылы аттары берілді. Наурыз мерекесінде салт-дәстүрлер жаңғыратыны белгілі. Осы себептен әр ауыл өздерінің ауылдарын таныстырумен бастап, көне дәстүрімізді жаңғыртты, қолданудан қалған, ұмыт болған тағамдармен таныстырып, өзара сайысқа түсті. Наурыз - өте көнеден келе жатқан мейрам.Қазақ халқының жаңа жылы. Бұл кез-күн мен түн теңеліп,адамдардын ауызы аққа тиіп, тоң жібиді. Наурыз мерекесі күні ауыл адамдары бір-біріне жақсы тілектер айтып,бір- біріне деген реніштерін ұмытып, кешірімді болады. Ересек тобының ұйымдастырылған іс –шара сайысы қызығушылықпен өтті.