Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«АЛТЫН ДАУЫС -2019»

03.04.2019

«АЛТЫН ДАУЫС -2019»

        Уәлиханов көшесіндегі «Ақбота» бөбекжайында ортаңғы топтар арасында «АЛТЫН ДАУЫС -2019» атты әндер байқауы өткізілді.      Басты мақсат – балалардың өнерін шыңдау, жас таланттарға өнер жолына жол ашу, қолдау білдіру болды. Өнер додасына 12 үміткер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Әндер байқауына арнайы әділ қазылар алқасы тағайындалып, орындаушылардың өнерін 10 ұпайлық жүйе бойынша бағалады. Аталған байқауға кіші топ тәрбешілері Абдыхалықова Дана Серікқызы және Қорғанбаева Алтын Қайыржанқызы төрелік етті.  Сондай-ақ әділ қазылар алқасы балалардың вокалдық ерекшеліктеріне, актерлік шеберлігіне, сахналық киім үлгісіне, орындаушының дауыс ырғағының кеңдігі мен би қозғалысының ритмикасы мен синхрондығына мән берді. Ән байқауының  өз шарты болды. Балалар «Эстрадалық вокал» жанрында еркін тақырыпта  кез-келген ән орындады. Ән тірі дауыста орындалды. Сахна төріне бірінші болып ерекше әуезді үнімен  Сабырова Көркем «Туған ел» әнін тарту етті. Тұрсынбай Айкөркем «Тамшылар» әнін өзгеше сипатта орындап шықты. Шабдан Әмір көрерменге  «Анашым» әнін паш етті. Дулатова Алтын «Қазақ жігіті» әнін орындап, өзінің харизмасымен барлық жанды баурап алды. «Қошақан» тобының аруы бір бойынан мың өнер табылатын Хамиева Әдия «Көктем» әнін шырқады. Камиденов Елдар «Апатайым анашым» әнін аналардың құрметіне арнады. Әнге жан дүниесі құмар ару қызымыз Сәрсенбаева Камила «Холодное сердце» әнін шырқап, лирикалық көңіл күй сыйлады. Ән десе жанын салатын, бұлбұлдай сайрайтын Амангелді Жұлдыз «Анашым қартаймашы» әнін орындады. Дауысын түрліше құбылтып, ел ықыласына бөленген  әнші Данияр Інжу «Туған ел» әнін орындап шықты.  Амангелді Айзере  өзінің ғажайып үнімен «Апатайым» әнін шырқап,  көрерменді тәнті етті. Тұрсынхан Балауса  «Анашым, анажан» әнін көтеріңкі көңіл күймен орындап, көңілге қуаныш ұялатты.  Өз бойында ержігітке лайықты мінезі бар, сегіз қырлы, бір сырлы Нұрыш Нұрислам  «Егемен ел Қазақстан» әнімен  байқаудың нүктесін қойды. Барлық қатысушы балалар өздерінің үлкен дайындықпен келгенін  байқатты.  Өз Отанына, туған өлкесіне, ата-анасына, достық қарым-қатынасқа деген ыстық сезімдерін әнмен білдірген бүлдіршіндер көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, көңілімізді  бір көтеріп тастады. Байқау болған соң, қатысушылардың  өнерлері бірінен – бірі асып түсіп жатты. Дегенмен әділқазылар алқасы қатысушы өнерпаздардың әрқайсысына әділ баға беруге тырысып бақты. Әділқазы мүшелері шешім шығарғанша барлық қатысушылар «Қуыршақтар» биін биледі. Байқау қорытындысы бойынша «Алтын дауыс-2019» номинациясын «Алақан» тобының тәрбиеленушісі Амангелді Жұлдыз иеленді.  Қалған барлық қатысушылар дипломдармен марапатталып, естелік ретінде суретке түсті. Өнер айдынына  қанат қаққан бүлдіршіндер үшін бұл байқау үлкен мектеп іспеттес.  Сондықтан ән әлеміне сапар шеккен әрбір жас әншінің бұл мектептен өткені болашақта үлкен тәжірибе болары сөзсіз. Жеңіске жеткен жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!

 

                                                                 «Ақбота» бөбекжайының саз жетекшісі

                                                                  Жалманбетова Райхан Темірболатқызы

 

 

Просмотров: 409


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст