Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көптілділік-заман талабы

05.04.2019

Мақала

Көптілділік-заман талабы

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі», — деген болатын.

Тіл — халықтың ең негізгі байлығы. Қазір заман талабына сай үш тұғырлы тіл саясатын бәріміз де қолдаймыз. Жас ұрпақ үш тілді білу керек.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» — деген даналық сөзді. Сонымен қатар қазіргі уақытта көп тіл білу — байлық. Әсіресе, өркениетті еліміздің дамуына үлес қосқымыз келсе, көп тілді игерген азаматтарға қарап қуанатынымыз да белгілі.

Үштұғырлы тіл өмірдің қажеттілігі. Бұл бүгінгі елдің тыныс-тіршілігін айқындайды және жалпыға ортақ қалыпты норма болып саналады. Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел азаматының міндеті. Қазақстанның білікті, білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді.

Сол себеппен  Уалиханов көшесиндегі«Ақбота»  бөбек жайында тәрбиешілер арасында «Көптілділік-заман талабы» аты полигло өткізілді.Тәрбиешілер екі топқа бөлінді. Әр дұрыс жауапқа бір-бір жұлдызша берілді. Мұнда әр түрлі тапсырмалар берілді:

 1-тапсырма-мақалдарды аяқтап, сол сөзді үш тілде атау.

Тапсырма -2 «Кім шапшаң?» деп аталады. 

Тапсырма-3 «қанағат» сөзден   бірнеше сөздерқұрап,  латынша жаз. 

Тапсырма – 4 Латын тілінде шағын диктант

Тапсырма – 5 Жұмбақтарды шеш Әлемге нұрын шашады. (күн, солнце, sun)

Тапсырма-6 «Түсін мені»

Шарты:

Әр топтан бір-бірден адам шығып, жасырынған суретті іс-қимылмен тобына мимикамен көрсете білу керек. Табылған сөздерді үш тілде атап көрсетеді.

Тапсырма-7 Түстерді ағылшын тілінде дұрыс айтып береді.

Тапсырма-8 Жемістер мен көкеністерді ағылшын тілінде айту

Тапсырма-9"Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" дегендей шағын өлен шумағын құрастыр.

Тәрбиешілер белсенді қатысып, тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысты.

Соңында топтар жинаған жұлдызшаларын санады. Қай топта жұлдызшалар көп сол топ жеңісеке жетті.

Палиглоты өткізген мақсатым :жастарды тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл туралы білімдерін жетілдіру

Тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту өзіндік ой пікірін дәйекті жүйелі айта білуге ұтымды шешен сөйлеуге баулу өзге ұлттың тілін әдебиетін мәдениетін құрметтей білу сезімі дамыған дара тұлға даярлау.

Тіл-біздің ертеңіміз, тіршілігіміз өміріміз екенін түсіндіріп тәрбиелеу.

 

 

 

 

                               «Ақбота» балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі:

Кожахметова А.С

 

Просмотров: 413


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст