Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ана – өмір мәні».

05.04.2019

«Ана – өмір мәні».

«Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең, дастанды.

Қуандың ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де ,Ана,

Бір өзіңнен басталды», - деп Қадір Мырзалиев жырлағандай бұл өмірдің мәні де, сәні де аяулы аналарымыз. Сондықтан мейірім шуағын төккен абзал жандардың мерекесіне орай «Ақбота» бөбекжайында І кіші Күншуақ тобы балаларының ертеңгілігін назарларыңызға ұсынамын.

         Жер бетіндегі бар тіршілік нәр алып, бастау алатын, табиғат оянып, көңілге қуаныш ұялататын көктемнің тұңғыш мерекесі, құрметті аналар, апа-қарындастар мына сіздерге арналған.

         Міне, бүгін ертең деп жүргенде «8-Наурыз Халықаралық әйелдер» мерекесі де келіп жетті.Соған орай бөбекжайымызда «Ана – өмір мәні» атты мерекелік іс-шарамыз өтті. Кішкентай бүлдіршіндер аналары мен әжелеріне арнап ән айтып, би биледі. «Көктем Ханшайымы» мен Аю келіп,  балаларды  бір қуантты.  Көктем айының шуақты күндері жануарларыңызға құт-береке, нәзік сезім, шуақты көңіл – күй, тәндеріңізге саулық, жандарынызға рахат сыйласын, - деп олар бүлдіршіндермен қоштасты.

Ата-аналар мен де «Мен қайдамын?»  ойыны ойнатылды. Балалардың қолдарынан ұстап, көзі жұмулы күйде тауып алу керек болатын. Ана жүрегі өз баласын танымасын ба, әрине олар балаларын бірден тауып алды.

         Ертеңгілікте бүлдіршіндерге мерекелік қуаныш сыйлауға ат салысқан І кіші Күншуақ тобының ата-аналарына алғысым шексіз. Атап айтқанда Ержан Нұрайлымның  әкесі  Ауелбеков Нұржан Ержанұлы «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» әнін барлық аналар қауымына арнады. Расында да, анамыз бар да жасымыз жүздің асуынан асса да, өзімізді әрқашан бейкүнә сәбидей сезінеміз. Небары үш – ақ әріптен құралған сөзде қаншама мән – мағына жатыр.

         Құрметті барша әйел қауымы, аяулы аналар мен апа – қарындастар! Осы бүгінгі сәтті пайдаланып, сіздерді 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

Мейрамдарыңыз құтты болсын, құрметті аналар!

«Ақбота»  бөбекжайының І кіші Күншуақ тобы Сатыбалдинова Ж.Е

Просмотров: 578


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст