Щучинск қаласының Жоғары педагогикалық колледжінде "Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістері, мәселелері, келешегі" атты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтерінің облыстық форумы өтті. Форум жұмысына Ақмола облысының білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов қатысты. Ақмола облысы білім басқармасының облстық оқу-әдістемелік кабинеті ұйымдастырған шараға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, әдіскерлері мен педагогтері, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің, колледждердің, "Өрлеу" БАҰО мамандары шақырылды. Облыстық іс-шараның қатысушылары "Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытудың инновациялық технологиялары" тақырыбында көрмені тамашалай алды. Бұл форумда "Ақбота" бөбекжайының директоры Бостанбаева Бахыт Асылбековна секция жұмысында "Мектепке дейінгі ұйымдағы сапа және менеджмент" тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.