Текст
І ортаңғы "Балапан" тобының тәрбиешісі Сипульдина Жазира Кайсаламовна "Қатынас" саласы бойынша "Сөйлеуді дамыту" оқу қызметінде "Менің сүйікті мысығым" атты тақырыпта әңгіме жүргізді. Балалар үй жануары мысықпен танысып, оның қимыл-іс әрекеті, пайдасы жайында түсінік беріліп, оларға қамқор болу керектігін түсінді. Оқу қызметі барысында балаларға "Мақта қыз бен мысық" туралы ертегіні айтып, осыған орай мысықтың суретін боятты. Балаларға түрлі-түсті қарындашпен бояу жұмысы қатты ұнады.