Музыка жетекшісі Жалманбетова Райхан Темирбулатовнаның ұйымдастыруымен "Балбөбек" санаторлық тобымен "Армысың, әсем көктем!" атты оқу қызметінде вокалдық ән айту қабілетін дамыту мақсатында артикуляциялық жаттығулардан үзінді өткізді. Балаларды ән айтуға үйреткенде ең бірінші дұрыс отыруына, бастың тұлғасын дұрыс ұстануына, ауыз қуысының дұрыс ашылуына ерекше мән беріледі. Дұрыс отыру қалпын сақтасақ балалардың дем алу диафрагмасы дамиды. Ән айтқанда ерінді сәл жымия ұстау қажет. Басты тік ұстап, мойнын созбай әдемі ыңғайлы отырады. Вокалды қойылым бұл еш кедергісіз таза мәнерлі орындау үшін дұрыс қалыпты сақтау болып табылады. Көбіне дыбыс құрауда В.В. Емельяновтың артикуляциялық жаттығуларын ойын түрінде ұйымдастырады. Мәселен көктем мезгілінде жылғалардан су ағып балалар ағыстан қайықтарды суда жүргізеді. Балалар қайықты кері қайтару мақсатында "Қайық" артикуляциялық жаттығуын жасап алақанда үрлейді. Бүгінгі оқу қызметінде балалар "Ғажайып қайық", "Сиқырлы шамдар" "Әсем гүлдер" және "Күн сәулесі" сынды артикуляциялық жаттығуларды орындады. Осындай жаттығулар сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттерін шынықтыратын оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарының қалыптастырады. Балаларға жаттығулар ұнады, белсенді қатысты.