Уәлиханов көшесіндегі "Ақбота" бөбекжайының қазақ тілі мұғалімі Дүйсембай Аружан Бауржанқызы "Балбөбек" санаторлық тобымен "Үй жануарлары" атты ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Оқу қызметінің басты мақсаты Үй жануарларының атауымен таныстыру, санауға үйрете отырып неше? деген сұраққа дағдыландыру болып табылды. "Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдығы" сондықтан да, алдымен бір-бірімен амандасып алды. Балалармен бірге үй жануарлары туралы әңгімелесу өткізілді. Содан соң, "Төлін тап" ойынын ойнады. Балалардың есте сақтау қабілеттерін одан әрі дамыту мақсатында жұмбақ жасырып, шешуін тапты. Көңілді сергіту сәтін жасады. Балалардың қызығушылықтарын арттыруда "Не қалай дыбыстайды?" ойынын ойнады. Оқу қызметін қорытындылай келе балалар жылулық шеңберін құрып, сиыр жылына арналған тілектерін айтып шықты. Балалар оқу қызметінде белсенді болды.