Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Ақбота» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Акбота» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Нейрожаттығу балалармен

30.03.2022

Адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан — жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан — жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын нейрожаттығу арқылы жетілдіруге болады. 
Нейрожаттығу– бұл ми жаттығуы. Біз күнделікті өмірде қол-аяғымызды сермеп, қарапайым дене жаттығуларын жасаймыз. Біраз уақыт белсенді қозғалыс болмаса, денеміз құрысып-тырысып қалады. Дәл сол сияқты, миды да белсенді «қозғалтып», жақсы жұмыс істеуі үшін қарапайым ми жаттығуларын жасап тұрған абзал. Осыны балаға жақсылап түсіндіріп, бірге гимнастика жасауды қолға алсаңыз болады. Нейрожаттығулардың пайдасы қандай? Мидың оң жақ және сол жақ жарты шарларының үйлесімді жұмыс істеуін жақсартады. Ұсақ және ірі моториканы дамытады. Ақпаратты тез қабылдап, қорытуға көмектеседі. Зейінді шоғырландырады. Есте сақтау қабілетін арттырады. Оқу және жазу процесстерін жеңілдетеді. Мидың жұмыс істеу өнімділігін арттырады.

Просмотров: 689


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст