Текст
МКҚК «Ақбота» бөбекжайы «Ботақан» тобында тәрбиеші Ибраева Саягүл Мұқанқызының ұйымдастыруымен "Таным" саласының "Математика негіздері" бойынша «Геометриялық пішіндер. Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш» ұйымдастырылған оқу қызметін өткізу барысында «Дәл осындай пішінді тап» дидактикалық ойыны қолданылды. Ойын 4К модулімен ойнатылды. Ойын ұйымдастырылған оқу қызметіне сәйкес таңдап алынған. Мақсаты геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға, жаттықтыру жұмыстары арқылы ұйымдастьырылған оқу қызметін бектілуге қолданылды. «Ботақан» тобының балалары ойынға қызығушылықпен қатысты.