Текст
Кіші "Күншуақ" тобында "Таным" саласының "Жаратылыстану" бөлімінде "Әдемі гүл" атты тақырыпта ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді.Максаты көктемгі жер теліміндегі гүлдерді бақылау, оларға күтім жасауды үйрету және гүлдерге деген қамқорлық сезімдерін ояту, дала гүлдері мен бөлме гүлдерінің айырмашылығын түсіндіру болып табылды. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысында:
Қызыл көбелек ұшады, қызыл гүлге ұқсайды.
Сары көбелек ұшады, сары гүлге ұқсайды,
Көк көбелек ұшады, көк гүлге ұқсайды.
Жасыл көбелек ұшады, жасыл гүлге ұқсайды , - деп бүлдіршіндермен "Сәйкестігін тап" атты ойын ойнатылды. Ойын барысы әр гүлге түсіне қарай көбелектерді орнату керектігі түсіндірілді. Бүлдіршіндер ойынды 4 к модулін байланыстырып, қызығушылықпен ойнады.