МКҚК "Ақбота" бөбекжайында педагог-психолог Жұлдыз Серікқызының ұйымдастыруымен "Құлыншақ", "Қошақан" мектепалды даярлық топтарының қыздарымен "Мамандықтың бәрі жақсы" шығармашылық сағаты өтті. Бұл шығармашылық сағатта балалардың мамандықтар әлемі туралы өз білгендерін айтып, болашақта кім болатындарын әңгімеледі. Жұлдыз Серікқызы әр түрлі мамандықтар туралы айтып, соның ішінде қыз баласына жақын аспазшы мамандығына тоқталып, қандай тамақтарды жақсы көретіндері жайлы әңгімелесті. Жұлдыз Серікқызы әр түрлі мамандық түрлеріне және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеу керек екендігін түсіндіріп берді. Шығармашылық сағаттың тәжірибелік бөлімінде кішкентай қыздарымыз өздері "Бананды смузи" дайындап, ішті. Осындай тәжірибелік шығармашылық жұмыс қыздарымызға қатты ұнады. Ұнатқан эмоциялары өте ерекше болды.